"Қазақ тілі" пәнінен жазылым дағдысын дамыту жолдары

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2023-3-88-96
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Негізгі орта білімге арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасындағы негізгі міндеттердің бірі – қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану деп көрсетілген. Мектеп бағдарламасында жазылымға қатысты - жоспар құру; әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну; эссе жазу; оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу; мәтіндерді түзету және редакциялау секілді жұмыс түрлері қамтылған. Сондықтан қай сыныпта болмасын, қазақ тілі сабақтарында аталған оқу мақсаттарына жетуге назар аударылады. Сабақ үдерісінде оқушылардың жазылым әрекеті бойынша дағдыларын жетілдіру белгілі бір логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса, оқушыларды жазылым шеберлігіне төселдіру оқытудың жаңа әдістерін сауатты қолдану арқылы оқушының өзіндік шешімі мен шығармашылық ізденістеріне басымдылық берілсе, онда дара тұлғаның жазба жұмыстарына қатысты қабілеттерін, өз ой-пікірін дәйекті және сауатты жеткізудің амал-тәсілдерін меңгертудің мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі. Мақалада оқушылардың қазақ тілі сабағында сөйлеу әрекетінің негізгісі – жазылым дағдысын монофон, әңгімеге негізделген жазу, мәтін түйіндемесі, жүгіртпе диктант , галереялық ой шақыру секілді әдістер арқылы дамытудың жолдары қарастырылды.