БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.75.4.004
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қарқынды дамып жатқан қазіргі әлемде көшбасшылық өмірдің әртүрлі салаларында қажетті қабілетке айналды. Авторлар көшбасшылық қабілетті қалыптастырудағы білім беру үдерісінің маңыздылығын көрсетеді. Қазіргі заманғы көшбасшылар инновациялық ойлауды және мәселелерді шешуде икемділікті қажет ететін ерекше қиындықтарға тап болады. Осылайша, білім беру білім алушыларға әртүрлі жағдайларда табысты көшбасшылық үшін қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз ете отырып, осы құзыреттерді дамытуға ұмтылуы керек. Бұл зерттеудің мақсаты білім алушылар арасында көшбасшылық қабілетін дамытуға ықпал ететін стратегияларды, тәжірибелер мен тәсілдерді бағалау, көшбасшыларды тәрбиелеудің тиімді әдістерін талдау және жүйелеу болып табылады. Зерттеу көшбасшылықты дамыту тетіктерін теориялық түсіну үшін де, білім беру ортасында практикалық қолдану үшін де маңызды. Бұл көшбасшылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық әдістері мен бағдарламаларын жақсартуға ықпал етеді. Әдістеме көшбасшыларды тәрбиелеудің әртүрлі әдістерін қабылдауды бағалау және ең тиімді тәсілдер мен әдістерді анықтау үшін педагогикалық мамандықтардың білім алушыларына бағытталған сауалнаманы әзірлеуді және талдауды қамтиды. Зерттеудің негізгі нәтижелері көшбасшылықты дамыту үдерісінде уәждеменің, топтық жұмыстың, рөлдік ойындардың және сыныптан тыс жұмыстардың маңыздылығын көрсетеді. Көшбасшылардың қалыптасуына оқытудың интерактивті және практикалық әдістері үлкен әсер ететіні анықталды. Бұл жұмыс көшбасшылықты оқытудың тиімді бағдарламаларын әзірлеу үшін құнды деректерді ұсына отырып, педагогика ғылымдары саласына елеулі үлес қосады. Зерттеу нәтижелерін білім беру мекемелері заманауи талаптар мен қиындықтарды ескере отырып, білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу бағдарламаларын жақсарту және бейімдеу үшін пайдалана алады.