Аннотация
Экономикалық дамудың көрінісі экономикалық өсумен сипатталады. Дегенмен, экономикалық өсудің қарқынды жылдамдығы елдегі кедейлік пен жұмыссыздықтың азаюына, халықтың әл-ауқатының жоғарылауы сынды әлеуметтік мәселелердің өздігінен шешілуіне кепіл бола алмайды. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы кедейлік деңгейі - 5,3%, 1 млн 619 мың адам, ал жұмыссыздық деңгейі - 4,7%, 452,2 мың адамды құрайды. Кедейлік пен жұмыссыздық бір-бірінен айқыш байланысқа ие. Бір жағынан жұмыссыздық азаматтардың әлеуметтік жағдайын нашаралатып кедейшілікке әкелсе, екінші жағынынан, кедейшілік болашақта жақсы жұмыс табу, білім алу, даму сияқты сапалы адам капиталы үшін керек базалық қажеттіліктерді шектейді. Зерттеу жұмысының мақсаты – кедейлік тереңдігі, жалдамалы жұмысшылар және жұмыссыздықтың көрсеткіштері арасындағы байланысты зерттеп, көпфакторлы сызықтық регрессиялық модельді құру. Модель құру үшін пайдаланылған бағдарламалық жасақтама – Eviews. Зерттеу нәтижелері жұмыссыздық тәуелді айнымалы ретінде жалақыға жұмыс істейтін жұмыскерлер мен кедейшілік тереңдігі тәуелсіз айнымалыларымен тығыз байланысқа ие екенін көрсетті. Модель бойынша жұмыссыздықтың кедейшілік тереңдігі артқан сайын жоғарылайтынын, ал жалақылы жұмыскерлер саны артқан сайын азаятынын көрсетеді деген қорытынды жасауға болады. Зерттеуде жасалынған талдаулар негізінде өмір сүру сапасын арттырудың жолдары көрсетілді.