ЕТТІ-МАЙЛЫ ҚҰЙРЫҚТЫ ТҰҚЫМДЫ ҚОЙЛАРДЫҢ ӨНІМДІ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2024/04
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Елімізде етті-майлы қой шаруашылығын дамытудың болашағы сондай-ақ, азықпен қамтамасыз ету, азықтандыру, күтіп-бағу ерекшеліктерін ескере отырып, етті-майлы құйрықты қойлардың әлеуетті генетикалық мүмкіндіктерін іске асыру бойынша селекциялық - асылдандыру жұмыстарды жандандыру болып табылады, асыл тұқымды қойлардың репродуктивті құрамын есепке алып, функционалдық мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, компьютерлік технологияларды енгіп, зерттеу материалдарын биометриялық өңдеу. Саулықтарды қолдан ұрықтандыру үшін жылжымалы пункттерді пайдалану, шәует еріткіштерін қолдану, лазерлік биобелсенділік саланы жүргізудің дәстүрлі әдісімен салыстырғанда, қаржы үнемдеуге және қой шаруашылығының табыстылығын 26-42 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. «Ержан» шаруа қожалығында өсірілетін қойлар ет-май өнімділігі жоғары, ерте жетілуімен және оңтүстік-шығыс Қазақстанның табиғи-климаттық және азықтандыру жағдайларына жақсы бейімделуімен ерекшеленеді. Селекциялық топтағы қошқарлардың орташа салмағы 110–120 кг, жүн түсімі – 3,2–3,5 кг, саулықтардікі сәйкесінше 73–76 және 2,2–2,4 кг. Қозылардың туғаннан суалғанға дейінгі аралықтағы орташа тәуліктік салмағы 290-296 грамм, қозылар үшін 260-270 грамм. «Ержан» шаруа қожалығының етті-майлы құйрықты ірі жүнді қойларын жақсартуда, ең алдымен, қошқарларды осы белгі бойынша таңдағанда пайдаланатын өндірушілердің тірілей салмағы ескертілді.