ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ БАҒЫТЫ: БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-2-185-200
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеудің мақсаты Қазақстандағы мемлекеттік басқару реформаларының зерттелу денгейін анықтау мақсатында библиометриялық талдау жүргізіп, картаға түсіру. Әдістемесі. Зерттеу мақсатымызға қол жеткізуде VOSviewer бағдарламалық құралымен библиометриялық желілерді құрып, визуализация жасалды. Біз Scopus академиялық дерекқор базасында жинақталған деректерге библиометриялық талдау жүргіздік. Жалпы бұл әдіс зерттеу бағытымыздың жай күйін талдап сенімді көрніс берді. Талдау жүргізуде арнай стратегия қолдандық, мұнда Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды реформалар бойынша зерттеулердің 41 мақаласы анықталды. Зерттеудің бірегейлігі/құндылығы. Бұл библиометриялық талдау Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың алғашқы зерттеулері. Зерттеу бағытымыздағы деректердің үлкен көлемін талдауда библиометриялық әдіс өзекті болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік басқаруды реформалау саласындағы зерттеулерді, ең көп сілтеме жасалған автордың еңбегін, басылымдар мен ғылыми институттарды анықтау арқылы әдебиетке үлес қосады. Зерттеу нәтижелері ең жиі қолданылатын түйін сөздер мемлекеттік басқару реформалары, ашықтық, сыбайлас жемқорлық, жақсы басқару екенін көрсетті. Mussagulova et al., (2019), Buribayev et al., (2016) ең жоғары сілтеме жасалған және жиі келтірілген автор ретінде танылды. Зерттеу сонымен қатар соңғы жылдары елімізде жүргізілген реформалар азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қанағаттану мен өмір сүру жағдайына баса назар аударды. Біздің зерттеуіміз халықаралық денгейдегі рецензияланған журналдардағы даму тенденциясын көрсетті. Мысалы АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия елдеріндегі зерттеулер 2012 жылдары жүргізілсе, Ал Қазақстан үшін аталған бағыттағы зерттеулер 2020 жылы қарқын алды.