Қазақ ауылындағы аштық және оған бейімделу тәжірибесі

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2023-145-4-160-177
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

1931-1933 жылдардағы ашаршылық Қазақстан халқына есепсіз шығын әкелді. Аштықтың зардабын тартқан халық басқа елдерге пана іздеп, босып кетті. Көптеген ауылдарда өлген адамдардың көмусіз сүйектері ғана қалды. Бұл ашаршылық Қазақстанның демографиясына кері әсерін тигізді. Аштықтың тарихы тек статистикалық өлім-жітім көрсеткіштерімен ғана шектелмейді, қорқынышты сандардың артында адамдардың тағдыры тұр. Авторлар қазақстандық апат кезеңіндегі қазақ ауылымен рулық-иерархиялық қатынастардың өзгеруін көрсетуге тырысты. Мақалада 1931-1933 жылдар аралығында Қазақстанда болған ашаршылық зардаптарына, қазақ ауылдарының әлеуметтік жағдайы мен аштықты ауыздықтаудағы үкіметтің іс-шаралары нақтыланады. Ұлт зиялылары мен азаматтардың аштыққа қарсы іс-әрекеті баяндалады. Ашаршылық тарихына қатысты құжаттар қазақ руының, қазақ отбасының, қазақ ауылының аффективті қоғамдық санамен айқындалған бейімделу тәжірибесінің бірегей беттерін ашады. Авторлар экстремалды жағдайдағы халықтың мінез-құлық әрекеттеріне талдау жасады. Авторлар оған азық-түліктің балама көздерін іздеуді, жеке мінез-құлықтың қоғамға қарсы және деструктивті құбылыстарын, аштық агрессиясын да жатқызады. Қазақ отбасы мінез-құлқы әрекетіндегі балалар мен қарттарды тастап кету, туыстық байланыстардың ыдырауы, каннибализм, некрофагия сияқты өзіне тән емес асоциалды түрлері анықталды. Отбасылық және рулық жад ауыр соққылы жайттар, ашаршылық оқиғасын сақтап қалды.