КӨРКЕМ МӘТІННІҢ АКТАНТТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2022.4-06
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада мәтін структурасы бейнелеу субъектілері аспектісінде қарастырылады. Теориялық тұжырымдар бойынша көркем туындыдағы субъектілер мәтіннің актанттық құрылымын анықтайды. Актант термині көркем туындыдағы актіні жүзеге асырушы, орындаушы деген мағынадан бастау алады. Бейнелеу субъектісі қызметіндегі кейіпкерлер мәтіндегі сюжет динамикасын жүзеге асыратыны белгілі. Әдебиеттануда кеңінен қолданысқа ие болған кейіпкер ұғымы теориялық еңбектерде түрлі терминдік атаулармен белгіленген. Солардың ішінде актант ұғымы мәтін құрылымын сипаттайтын жалпылама атау дәрежесіне жетіп, зерттеу парадигмасын толықтырды. Актант ұғымы синтаксистік тұрғыда предикат түсінігімен сипатталса, әдебиеттануда қаһарман, кейіпкер, бейне, субъект//объект, адресант//адресат, көмекші//қарсылас деген атаулармен түсіндірілетін терминдік ұғымдарды жинақтайды. Актанттық қызметтің негізгі мәні – оның сюжетті дамытуы, оқиғалардағы қозғаушы күш екендігі теориялық аспектіде түсіндіріледі. Субъектілер типологиясының актант модельдері түрінде таңбалануы мәтін табиғатын жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Қалыптасқан түсініктегі кейіпкер ұғымын «актант» сөзі арқылы таңбалау тұтастай мәтіндегі субъектілерді актанттық құрылым ретінде таныту деңгейіне жетті. Актанттық құрылымның мәтіндегі қызметі, көріну тәсілдері қаһарман, кейіпкер ұғымдарымен байланыстырыла қарастырылып, бейнелеу субъектілерінің маңызды рөлі теориялық тұрғыда тұжырымдалады.