ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫН САХНАЛАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ РЕЖИССЕРЛІК ІЗДЕНІСТЕР

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.3-20
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ әдебиетінің негізгі саласы – прозалық шығармалар бойынша сахналанғанқойылымдардың жаңа режиссерлік шешімдері мен заманауи өзектендірілу деңгейі сараланады.Авторлар ұлттық театрда әр жылдары жарық көрген прозалық шығармаларға тарихи шолу жасайды.Олардың ұжымның репертуарлық саясатына, актерлік-режиссерлік жетістіктеріне әсерін бағалайды.Мақалада көрнекті қазақ жазушысы Ә.Нұршайықовтың трилогиясы бойынша қойылған «Қан ментер. Ақбала» спектаклі талнадады. Қойылымның режиссерлік, актерлік және сценографиялықшешімдеріндегі театрлық белгілер жан-жақты зерттеліп, олардың қазіргі қоғамдық ортадағы мәні менмағынасы қарастырылған. Қарапайым сахналық бутафорияны үлкен сахналық символға айналдырабілу режиссерден кең дүниетанымды, арғы-бергі фольклордан бастау алатын салт-жоралар мен таным-түсініктердің молдығын талап ететіні белгілі. Спектакльде режиссер тарапынан табылған «ұршық»,«шапан», «бесік», «шелек», т.б. рекизиттердің семантикалық мәні сахналық қарым-қатынас, әрекетбарысында ашылып, туындының идеялық тұтастығына қызмет еткендігі айқындалады. Соныменқатар, орындаушылық құрамның кейіпкер бейнесін жасаудағы соны ізденістері мен актердің сахнадағытіршілік ету тәсілдері талқыланып, олардың көркемдік дәрежесі бағаланады. Актерлік шеберлік роль-актер тұрғысынан зерттеледі. Қоюшы-режиссер актердің кейіпкер бейнесін сомдау процесінде, оныңпсихологиясын ашуда пластикалық және хореографиялық элементтерді, сонымен қатар, іс-қимылмен дене кодтарын тиімді қолданады. Режиссердің қазіргі бидің тәжірибелеріне жүгінуі авторларғадене қимылдарын талдауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижесінде қазақ прозалық шығармаларынсахналаудың жаңа режиссерлік тәсілдері анықталып, олардың театр тілін дамытудағы маңызыдәлелденді. Спектакльдің кеңістіктік-құрылымдық ұйымдастырылу ұстанымдарын бағалау арқылыоның жаңалық деңгейі айғақталады.