ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОРМАН КАРТАЛАРЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2023/30
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі таңда орман шаруашылығы саласында басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі міндеттерді шешу үшін – таксациялық жұмыстарды жүргізуден және кеспеағаштарды есепке алудан бастап ормандарды қорғау, қалпына келтіру бойынша шешімдер қабылдауда геоақпараттық технологиялар белсенді қолданылады. Орман шаруашылығында далалық эксперимент кезінде қағаз жұмыстары әлі де пайдаланылуда. Бұл электрондық құжат айналымына толық көшуге технологиялық шешімдердің болмауына байланысты. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде геоақпараттық технологиялар жүйесін (ГАЖ) қолдана отырып, орман орналастыру жұмыстары кезінде орман карталарын жасау процесін егжей-тегжейлі сипаттайтын әдістемелік әзірлемелер жоқ. Осыған байланысты мобильді технологияларды өндірістік циклге енгізу арқылы электрондық құжат айналымына толық көшуді қамтамасыз етуге қабілетті орман шаруашылығын геоақпараттық картаға түсірудің жаңа әдістемесін әзірлеу қажеттілігі туындайды. Соған орай, мақала орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде далалық контурлық дешифрлеу кезеңінде қағаз картографиялық материалдардан бас тартуды қамтамасыз етуге арналған орман шаруашылығын геоақпараттық картаға түсіру әдістемесін әзірлеуге бағытталған. Мақаланың мақсаты - мобильді технологияларды қолдана отырып, орман шаруашылығын геоақпараттық картаға түсірудің әдістемелік негіздерін көрсету. Мақалада орман орналастыру кезінде картографиялық өнімді құрастырудың заманауи әдістемесіне талдау, сондай-ақ орман шаруашылығына мобильді технологияларды енгізудің ресейлік және шетелдік тәжірибесін зерттеу келтірілген.