Problems of family and marriage relations of kazakh people (based on ethnographic materials of Southern Kazakhstan)

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh.2023.v109.i2.012
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аннотация. Бұл мақала Қазақстандағы неке мен отбасының орнын анықтайды. Барлық кезеңде отбасы мен неке мәселесі қоғамды да, мемлекетті де алаңдатты. Отбасы әлеуметтік институттың бір бөлшегі ретінде, қоғамның маңызды бөлігін құрайтыны белгілі. Отбасында балалар мен жасөспірімдер дәстүрлі құндылықтарды бойына сіңіріп, үлкендерді құрметтеуге үйренеді, өз Отанына деген патриотизм сезімі тәрбиеленеді. Отбасының моральдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы некенің беріктігіне өзінің әсерін тигізетіні сөзсіз. Қазіргі нарықтық уақытта мемлекеттің тұрақтылығы отбасының тұрақтылығына тікелей байланысты. Мақала отбасының тұрақтылығына әсер ететін факторларды анықтайды. Некенің тұрақтылығына отбасы құрылымы, отбасындағы билік, отбасылық қатынастар, бала тәрбиесі, бос уақытты ұтымды пайдалану әсер етеді. Этнологиялық тұрғыдан алғанда, болашақта бұл жағдайларды түсіну жас және орта буын ұрпақтың этникалық тегіне қарамастан отбасылық өмірді толыққанды сүруге, сонымен қатар отбасының қалыпты, репродуктивті, коммуникативті, экономикалық қызметін қамтамасыз етуге қатысты көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Түйінді сөздер: мемлекет, қоғам, отбасы, неке, тұрақтылық, этикет, бала тәрбиесі.