Оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын сұрақ қою әдісі арқылы қалыптастыру жолдары

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023ped1/152-159
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр. Өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіби және интеллектуалдық қабілеттерді қажет ететін жағдайларда өмір сүруде. Мақалада географиядан жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастырудың маңыздылығы қарастырылған. Өйткені, оқушы мектепте алған білімді өмірде орынды пайдалана білуі жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары арқылы іске асырады. Жоғары деңгейде ойлауды (ЖДО) қалыптастыру — бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты өз санасында сақтауға, бағалауға, талдауға және одан әрі шығармашылық дағдыларды оқушы бойына сіңіру болып табылады. Мақаланың кіріспе бөлімінде ойлау дағдыларын қалыптастыруда философиялық, пeдaгoгикaлық-пcиxoлoгиялық, ғылыми-әдicтeмeлiк әдeбиeттepге шолулар жасалып, ғалымдардың осы тұрғыдағы көзқарастары мен тұжырымдары туралы ой қозғалған. Сонымен қатар мақаланың негізгі бөлігін қамтитын экспериментте географиялық білім берудегі жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдарын нақтылауға арналған төрт апталық зерттеу бағдарламасы (9-сынып) бойынша зерттеу жұмысы нәтижeлері мен қорытындысы ұсынылған. Диагностикалық бағалау кезеңі мен жүргізілген эксперименттен кейінгі нәтижелердің қорытындысы бойынша, қолданылған әдістің тиімді тұстары баяндалған