Аннотация
Мақалада дәнді дақылдардан жасалған композиттік ұнның физикалық-химиялық құрамына талдау жасалып, глютенсіз нан өндіру үшін шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылды. Зерттелетін шикізат ретінде Ақмола облысындағы «Qazyna» ұн өндірісінде өндірілген құрама ұндар қолданылды. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолына әсер ететін иммунозға тәуелді ауру - целиакия туралы айтылған. Дәнді дақылдардан әзірленген композиттік ұн сапасы жоғары органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштерімен сипатталатын тағамдық талшығы жоғары нан алуға мүмкіндік беретіндігі анықталды.