СОКСЛЕТ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЮГЛОН АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.30-1428
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада грек жаңғағының (Juglans regia L.) жасыл қабығы мен қабығы биологиялық белсенді заттардың мол көзі ретінде зерттелді. Зерттеудің негізгі мақсаты – юглон (5-гидрокси-1,4-нафтохинон), яғни табиғи химиялық қосылыстың концентрациясын бағалау, сондай-ақ олардың экстракциялық шығымын арттыруға бағытталған тиімді технологияны әзірлеу болып табылды. Жалпы шикізат Алматы облысында жемістердің нағыз физиологиялық піскен кезеңінде жиналып, ≤ 45 °C температурада кептіріліп, герметикалық қара контейнерлерде сақталды. Дайындау кезеңі екі сатылы ұнтақтауды қамтыды, гранулометриялық стандарттау арқылы «қатты фазаның – еріткішпен» беткі ауданы жоғары деңгейге жеткізілді, бұл экстракция тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Биологиялық белсенді қосылыстарды экстракциялау Сокслет әдісімен, «АСВ-6» жартылай автоматтандырылған аппаратында жүргізілді. Процесс 40–80 °C аралығында орындалып, экстракт вакуумдық жағдайда ≤ 40 °C температурада концертрация жүргізілді. Юглон мөлшері жоғары тиімділікпен сұйықтық хроматографиясы (ЖТШХ) әдісімен анықталды, ал әртүрлі шикізат фракцияларынан алынған шығымның нақты мәндері калибреу қисығы негізінде есептелді. Зерттеу нәтижелер көрсеткендей, жасыл қабық юглонның ең бай көзі болып, қабыққа қарағанда оның антиоксиданттық белсенділігі айтарлықтай жоғары болып саналды. Юглонның шығымы бөлшектердің өлшеміне, экстракция температурасына және уақытқа байланысты ауысты. Алынған тәжірибелік деректер жаңғақ қалдықтарын биологиялық белсенді заттар көзі ретінде тиімді пайдалануға, сондай-ақ фармацевтика, косметика салаларында, функционалды тағам және қайта өңдеу өндірісінде қолдануға нақты ғылыми негіз бола алады. Зерттеу нәтижелері юглонның экстракциялық технологиясын жетілдіруге және алынған экстракттің тұрақтылығы мен биологиялық белсенділігін сақтап тұруға мүмкіндік береді. Алынған деректер жаңа биобелсенді өнімдер әзірлеу және өндірістік ауқымда қолдану үшін маңызды практикалық және ғылыми мәнге ие болып келеді.