СУРРОГАТ АНА БОЛУ ШАРТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ ТАЛАПТАРЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52425/25187252_2026_41_19
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада суррогат ана болу туралы шарттың елеулі талаптары зерттеледі. Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және нотариаттық тәртіппен куәландырылған суррогат ана болу туралы шарттарды зерделеу барысында, біріншіден, олардың мазмұны азаматтық-құқықтық шарттардың құқықтық табиғаты мен мәніне сәйкес келмейтіні, екіншіден, шарттың негізгі нысанасы көрсетілмегені немесе дұрыс айқындалмағаны, үшіншіден, тараптар келіскен және бекіткен, шарттың елеулі талаптары болып табылатын талаптардың көзделмегені анықталды. Қазақстанның репродуктивтік медицина, неке-отбасы және азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы заңнамасына жүргізілген шолу осы уақытқа дейін суррогат ана болу туралы үлгілік шарттың әзірленбегенін және қабылданбағанын көрсетті. Суррогат ана болу туралы шарттың біріздендірілген нысанының болмауы және мұндай шарттарға мемлекет тарапынан тиісті бақылаудың жүргізілмеуі шарттық тәжірибеге кері әсер еткені анықталды. Өз кезегінде, қалыптасқан шарттық тәжірибеде суррогат ана болу туралы шарттың құқықтық табиғаты мен мәніне толық сәйкес келмейтін өзіндік әдет-ғұрыптар мен қағидалар орныққан. Авторлар суррогат ана болудың сипаты мен ерекшеліктерін, оны қолданудың тәртібі мен шарттарын, заңнаманың мәні мен қалыптасқан шарттық тәжірибені, сондай-ақ шет мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, суррогат ана болу туралы шарттарда көзделуге тиіс елеулі талаптарды ұсынады/