Мектеп оқушыларының қазақ тілін меңгеруінде «TilUiren.kz» интерактивті платформасын қолданудың тиімділігі

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-3-123-134
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысында 5-7-сынып оқушыларына арналған «TilUiren.kz» интерактивті платформаны әзірлеудің лингвистикалық тетіктері зерделенді. Сөз саптау мәдениеті, сөздік қордың жұтаңдығы, тілдесім кезіндегі сенімсіздік сынды кедергілерді жеңу, лексикалық және грамматикалық құрылымдарды түзу кезінде пайда болатын қиындықтарды анықтауға бағытталған. Мәліметтер базасы ретінде Павлодар қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептің 5-7-сынып оқушылары қатысуымен алынған сауалнама нәтижелері пайдаланылды. IBM SPSS Statistics бағдарламасы негізінде жасалған көрсеткіш ұсынылып, алынған нәтиже қазақ тілін танымдық деңгейде меңгеруде жүйелі педагогикалық қолдау мен оқушының жас ерекшелігіне сәйкес негізделген цифрлық білім беру құралдарының қажеттілігін көрсетті. Бұл қажеттіліктің шешімі ретінде «TilUiren.kz» платформасының пилоттық жобасы әзірленіп, ол жасанды зият арқылы жасалған тапсырмалар негізінде құрылған оқу траекториясы болмақ. Геймификация технологияларын кіріктіру арқылы жасалған платформа оқушылардың айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын жүйелі дамытуды, сөздік қор мен сөз саптау мәдениетін қалыптастырып, тілді қолдану өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Ата-аналар мен педагогтерге арналған мониторинг пен кері байланыс тетіктері арқылы білім алушыларды қадағалау, дер кезінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу кезінде алынған қорытынды платформаның білім сапасын жақсартуға, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға, 5-7-сынып оқушыларының сөз саптау мәдениетін қалыптастыруға әлеуеті жоғары екені айқындалды.