Б.Бабаштың махаббат лирикасы

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2026.3-12
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазіргі қазақ ақын қыздарының бірі – Бақытгүл Бабаш поэзиясындағы махаббат тақырыбы көркемдік және идеялық тұрғыдан талданады. Оның поэзиясындағы ұлттық әдебиетіміздегі дәстүрлі лириканың нәзік иірімдерін сақтай отырып, махаббатты әйел жүрегінің терең сырларымен, заманауи жаңаша интерпретациялануы сөз болады. Ақын өлеңдеріндегі махаббат – нәзіктік пен тәкаппарлықтың, еркіндіктің, әйелге тән әлсіздік пен батылдықтың, сағыныш пен үміттің, рухани тазалық пен өмірге іңкәрліктің көрінісіндей сыршыл келеді. Автор өлеңдерінде бейнеленген махаббат сезімі тек жеке эмоциялық құбылыс ретінде емес, ұлттық дүниетаным мен рухани құндылықтар жүйесімен байланыста қарастырылды. Мақалада ақынның тілдік ерекшеліктері, көркемдік бейнелеу құралдары мен поэтикалық өрнек жүйесі қолданысын ғылыми тұрғыдан сарапталып, Бақытгүл Бабаш поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ф. Оңғарсынова, Г.Салықбай сынды алдыңғы толқынмен салыстырмалы түрде талданады. Ақын поэзиясы концептуалды тұрғыдан зерделеніп, махаббат лирикасындағы ақынның ішкі психологиялық әлемін тану, авторлы-индивидуалды көркемдік әлемнің жалпылық мәнге ұласуы зерттелді. Лирикалық кейіпкердің ішкі сана ағымындағы тартысы, ішкі рухани еркіндігін берудегі шеберлігіне зерттеу жүргізіліп, ақынның стиль қалыптастыру мен көркемдік ізденістері талданды. Оның поэтикалық мәтінде контрасты құбылыстарды көркемдік стилистикалық тәсіл ретінде жиі қолдануын қарастырып, ақынның өзіндік ойлау мәнері мен сөз байлығын танытан ерекшелік ретінде бағалайды.