Аннотация
Мақалада М.Мағауиннің «Аласапыран» романындағы фольклорлық мотивтердің поэтикалық табиғаты мен көркемдік-идеялық мәні қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – М.Мағауиннің «Аласапыран» романындағы фольклорлық мотивтерді анықтап, жүйелеу, типологиясын жасау, авторлық интерпретация арқылы түрленуі мен көркемдік қызметін саралау. Жұмыстың өзектілігі М.Мағауиннің «Аласапыран» романындағы фольклорлық мотивтерді анықтау және тарихи романның көркемдік құрылымындағы қызметін зерделеу қажеттілігімен айқындалады. Зерттеу барысында әдеби-тарихи, тарихи-салыстырмалы және типологиялық талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде романдағы фольклорлық мотивтердің мазмұндық және поэтикалық ерекшеліктері талданып, кейіпкерлердің рухани-психологиялық болмысын ашуға және шығарманың көркемдік тұтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететіні анықталды. Сонымен қатар фольклорлық мотивтердің авторлық көркемдік жүйеде жаңаша мағынаға ие болып, тарихи романның поэтикалық құрылымын қалыптастырудағы маңызы көрсетілді. Зерттеу барысында «Аласапыран» романындағы фольклорлық мотивтердің типологиясы жасалып, құрылымдық-функционалдық сипаты кешенді түрде сараланды. Зерттеу нәтижелері М.Мағауин прозасындағы фольклорлық мотивтердің көркемдік табиғатын тереңірек тануға және қазақ тарихи романындағы фольклорлық дәстүрдің қызметін жаңа қырынан бағамдауға мүмкіндік береді.