ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОЛИМПИАДАСЫНА ДАЯРЛАУДЫҢ ТРАЕКТОРИЯЛЫҚ МОДЕЛІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.68361/dhdqbt263sm2rgid
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада 9–11 сынып оқушыларын Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиадаға даярлаудың траекториялық моделі ұсынылады. Зерттеудің мақсаты – дарындылықты дамушы әлеует деп түсіндіретін теорияларды тарихи ойлау әдістемесімен ұштастырып, тест пен аналитикалық эссеге дайындықты бір циклге біріктіру. Зерттеу материалына олимпиаданы өткізу қағидалары, типтік оқу бағдарламалары, 2025 жылғы олимпиада материалдары және авторлық әдістемелік жинақтағы 90 диагностикалық тапсырма, 15 эссе тақырыбы, үш модельдік эссе мен мониторинг құралдары енгізілді. Құжаттарды талдау, құзыреттерді сәйкестендіру және теориялық синтез әдістері қолданылды. Нәтижесінде бес өзара байланысты компонент айқындалды: бастапқы диагностика, жеке мақсат, нысаналы жаттығу, жарыс форматына жақын симуляция, кері байланыс пен келесі қадам. Модель тарихи ойлаудың алты әрекетін, тесттегі қате түрлерін, 2–3–3–2 эссе рубрикасын және 12 апталық дайындық циклін біріктіреді. Ұсынылған тәсіл бір реттік жарыс нәтижесін ғана емес, оқушының фактілік дәлдігі, дерекпен жұмыс істеуі, дәлел құруы және өзін-өзі реттеуі бойынша ілгерілеуін бақылауға мүмкіндік береді. Практикалық тұрғыдан модель педагогке дарынды оқушы профилін оқу мақсатына айналдырып, әр цикл соңында өлшенетін келесі қадамды белгілеуге көмектеседі. Модельдің нәтижелілігін растау үшін әртүрлі мектеп контексінде пилоттық апробация қажет.