THE EFFECTIVENESS OF THE USE OF ORGANIC MELIORANTS ON GRAY SOIL

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v78.i3.369
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Органикалық мелиоранттарды қолдану негізінде, топырақтың агрохимиялық қасиеттері бойынша жылжымалы нитрат – NO3 және фосфат – P2O5 құрамдарының өзгеру динамикасын анықтау міндеттері осы зерттеу жұмысында жоспарланған, Сұр топырақ жағдайында, топырақтың құнарлылығын арттыру және топырақтың деградация процестерін төмендету мақсатында, органикалық мелиоранттарды қолданудың тиімділігін зерттеу, осы ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы зерттеудің нысаны, органикалық мелиоранттарды қолдану арқылы отандық Мақтаарал-5027 жаңа отандық мақта сортын баптаудың агротехнологиясын әзірлеу болып табылады. Зерттеу барысында, топырақтың нитрификация процесінің белсенді жүріп жатқаны анықталды, яғни ол органикалық мелиорантты 3,5 тн/га мөлшерде (жер жыртудан алдын) және 0,5 тн/га (көктемде-топырақты қопсытудан алдын) және Soil conditioner-топырақ жақсартқышын 350 кг/га мөлшерде (жер жыртудан алдын) және 50 кг/га (көктемде-топырақты қопсытудан алдын) мөлшерінде қолданғанда, топырақтың жылжымалы нитрат – NО3 құрамы 14,8 мг/кг құраса, топырақтың жылжымалы фосфор P2O5 құрамы 25,1 мг/кг құрады, яғни бақылау нұсқасымен салыстырғанда, сәйкесінше 52,5-53,3 %-ға жоғары құрамдалғаны анықталды. Суармалы жағдайында топыраққа, органикалық мелиоранттарды қарқынды қолдану, топырақтың физикалық және химиялық деградация процестерін төмендетуге ықпал ететіні айқындалды.