COMPREHENSIVE MONITORING OF REPRODUCTIVE FUNCTION, GYNECOLOGICAL STATUS, AND PHYSIOLOGICAL AND BIOCHEMICAL PARAMETERS IN DAIRY COWS

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v78.i3.374
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Сүтті мал шаруашылығының тиімділігі көбінесе жануарлардың репродуктивтік денсаулығына байланысты, өйткені ол көбею көрсеткіштеріне, табынның өнімділігіне және саланың экономикалық тиімділігіне тікелей әсер етеді. Зерттеудің мақсаты сиырлардың репродуктивтік функциясын, гинекологиялық статусын және физиологиялық-биохимиялық көрсеткіштерін кешенді бағалау, сондай-ақ репродуктивтік жүйенің кең таралған патологиялары кезінде жүргізілген емдікпрофилактикалық шаралардың тиімділігін анықтау болды. Зерттеулер Батыс Қазақстан облысындағы «Аманат» шаруа қожалығында жүргізілді. Жануарлардың жағдайын бағалау үшін клиникалық тексеру әдістері, ректальды диагностика, ультрадыбыстық зерттеу және қанның биохимиялық талдауы қолданылды. Репродуктивтік жағдай мониторингі 372 сиырда жүргізілді, эндометритке шалдыққан 9 жануарға биохимиялық зерттеулер жүргізілді, ал фолликулогенез параметрлері 50 сиырда зерттелді. Зерттеу нәтижесінде ең жиі кездесетін патология эндометрит (8,3%) екені анықталды, ал фолликулярлық кисталар мен аналық бездердің гипофункциясы едәуір сирек тіркелді. Жүргізілген емдік-профилактикалық шаралар қанның биохимиялық көрсеткіштерінің қалыпқа келуіне және жануарлардың репродуктивтік функциясының қалпына келуіне ықпал етті. Ультрадыбыстық зерттеулер жыныстық қозуды және овуляцияны индукциялаудың жоғары тиімділігін растады. Алынған нәтижелер сүтті мал шаруашылығындағы көбею тиімділігі мен өнімділікті арттыру үшін жануарлардың репродуктивтік жағдайын жүйелі түрде бақылаудың қажеттілігін дәлелдейді.