EFFECTS OF CONCENTRATION AND MORPHOLOGY OF MELANIN PIGMENT DISTRIBUTION ON HAIR COLORING OF KARAKUL LAMBS

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v78.i3.372
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада меланин пигментінің шоғырлануы мен таралу морфологиясының қаракөл қозыларының жүн жамылғысының түсіне әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Жұмыстың мақсаты,әртүрлі елтірілік типтеріндегі қаракөл қозыларының дене аймақтарының жүн жамылғысындамеланин пигменттің таралуындағы айырмашылықтарды анықтау, сондай-ақ пигментацияның жасқа байланысты өзгерістерін айқындау. Зерттеу нысаны,әртүрлі елтірілік типтеріндегі қаракөл қозыларының дене аймақтарынан алынған жүн жамылғысының үлгілері болды. Осылайша, жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде біз атап өткен қара түсті екі күндік, он күндік және бір айлық қозылардың жүн жамылғысының пигментациясының жасына байланысты өзгеруі туралы деректер осы зерттеу бағытындағы басқа авторлардың мәліметтеріне ұқсас екендігі анықталды. Біз жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша қаракөл қозыларының аяқтарындағы, басындағы және бауырындағыжүн жамылғысы құйымшағы мен қабырға бөлігіндегіге қарағанда қарқынды пигменттелгені анықталды. Пигменттің ең көп мөлшері бір айлыққаракөл қозыларының жүн талшығыныңбаданасында кездеседі, жүн талшығының өзегінде біршама аз және терісіндеде өте аз, ал пигменттің аяғындағы жүн талшығының барлық аталған аймақтарындақұйымшақ бөлігіне қарағанда көп. Төрт айлық қара қаракөл қозылардың жүн талшықтарындағы пигментті үйіндер көлемікішірейеді. Ол пигментті үйіндердің кейбіреулері жекеленгентығыз шоғырланған майдадаралардан тұрады. Жасы ұлғайған сайын пигментті үйіндер санының азаюы байқалады. Егер жаңа туған екі күндік қозының жүн талшықтарының көлденең қималарында пигментті үйіндер саны 60-тан 80-ге дейін болса, төрт айлық қозыда тек 12-20 болады. Қара қозылардағы жүн талшықтарының пигментациясының дәрежесі немесе қарқындылығы әртүрлі және қарқынды қарадан әлсіреген қараға дейін өзгереді. Қозыларда түсі әлсіреген қара жүн талшықтары әлдеқайда ертерек пайда болады. Сонымен қатар, олардың арасында туылған кезде ақ жүн талшықтары бар қозылар жиі кездеседі. Сондай-ақ, қозылардың жүн талшықтарының ерте депигментациялануының көптеген себептерінің біріжемшөп жағдайлары және дене бітімінің конституциясы мен жануарлардың жасына байланысты. Қозылардың жасы ұлғайған сайын жүн талшығындағыпигментті үйіндердің түссізденуі мен қатар олардың ыдырауы да жүреді. Сырт жағынан қарағанда, қара қаракөл қойлардың жүнінің депигментациясы жеке жүн талшықтарыныңұшының ағаруымен көрінеді.