EFFECT OF PRE-SOWING MINERAL SEED TREATMENT ON THE FIRST-YEAR ESTABLISHMENT OF PERENNIAL FORAGE GRASSES UNDER THE CONDITIONS OF NORTHERN KAZAKHSTAN

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v78.i3.348
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Климаттың өзгеруі жағдайында көпжылдық малазықтық шөптердің тұрақты әрі өнімді агроценоздарын қалыптастыру тиімді агротехнологиялық тәсілдерді әзірлеуді талап етеді. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты Солтүстік Қазақстанның құрғақ континенттік климат жағдайында тұқымды минералдық өңдеудің көпжылдық малазықтық шөптердің тіршілігінің алғашқы жылындағы қалыптасуына әсерін бағалау болды. Далалық тәжірибелер 2025 жылы Ақмола облысындағы «Zhaksylyk AGRO» ЖШС базасында жүргізілді. Зерттеу объектілері ретінде жоңышқа (Medicago sativa L.), қылтықсыз арпабас (Bromus inermis Leyss.) және эспарцет (Onobrychis arenaria Kit.) таза және аралас егістерде зерттелді. Тұқымдар себу алдында NH₄H₂PO₄ + NH₄NO₃ ерітіндісімен өңделді. Зерттеу барысында танаптық өнгіштік, өсімдіктердің сақталуы, фенологиялық даму кезеңдері, морфологиялық көрсеткіштері, жасыл және құрғақ биомасса өнімділігі анықталды. Минералдық өңдеу танаптық өнгіштікті 2–4%, өсімдіктердің сақталуын 1–4% арттырып, фенологиялық кезеңдердің басталуын 1–3 тәулікке жеделдетті. Сонымен қатар өсімдіктердің биіктігі мен жапырақтануы жақсарып, ең жоғары жасыл және құрғақ биомасса өнімділігі қылтықсыз арпабастың таза егісінде (5,6 және 1,61 т/га), ал аралас егістер ішінде қылтықсыз арпабас пен жоңышқаның (50:50) қоспасында (4,8 және 1,44 т/га) қалыптасты. Корреляциялық талдау жасыл және құрғақ биомасса өнімділігі арасында өте жоғары оң байланыс бар екенін көрсетті (r = 0,95). Алынған нәтижелер тұқымды минералдық өңдеу көпжылдық малазықтық шөптердің алғашқы жылғы қалыптасуын жақсартып, олардың өнімділігін арттырудың тиімді агротехникалық тәсілі екенін көрсетті.