Аннотация
Бұл мақалада ағынның бұрылу бұрышын реттеуге болатын микроалаулы оттықта төмен калориялы синтетикалық газдардың жану үдерісінің сандық зерттеу нәтижелері ұсынылған. k-ε SST модельдерін қолдана отырып, ANSYS Fluent және COMSOL Multiphysics бағдарламалық пакеттерінде есептелді. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, ағынның тұрақты аймақтары айналу бұрышы 60° құрағанда пайда болады және көмекші тұтандыруды қолданбай, төмен калориялы газдың жану процесі мен жалын тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Микроалаулы жану принципі негізіндегі нәтиже температуралық өрісті теңестіріп, азот оксидтерін азайту мен көміртегі оксидінің толық реакциядан өтетінін көрсетті. Қол жеткізілген деректер тексеріліп, баламалы отынды қолдана алатын газ турбиналы қондырғылардың жану камераларын жобалауға негіз бола алады.