Аннотация
Мақалада автономды жылумен жабдықтау жүйелерінде екі тізбекті газ қазандықтарын қолданудың тиімділігі зерттелді (дербес жылумен жабдықтау жүйесі). Зерттеудің негізгі мақсаты жылу берудің интегралды коэффициентін анықтау және қазандықтың екі тізбегі үшін жалпы жылу ағынын бағалау, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық орындылығын талдау болды. Есептеулер ANSYS- бағдарламасында стационарлы режим арқылы жүзеге асырылады, ал интегралды жылу беру коэффициентін анықтау үшін газ бен су ағындарының орташа температурасы қолданылады. Қос тізбекті қазандықтың жалпы жылу ағыны бір тізбекті аналогтың ағынынан едәуір асып түседі, бұл жылу алмасудың жалпы тиімділігін арттырады. Экономикалық бағалау энергия тиімділігінің өсуін және электр энергиясы мен су шығындарының төмендеуін көрсетті. Жұмыстың ғылыми жаңалығы бір мезгілде экономикалық бағалаумен қос тізбекті қазандықтың жылу беруін интегралды бағалау әдісін ұсынудан тұрады. Нәтижелердің практикалық маңыздылығы оларды автономды жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жобалау және оңтайландыру кезінде қолдану мүмкіндігі болып табылады.