ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ БАСПАСӨЗІ: АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАР, ҚОҒАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР ЖӘНЕ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3007-6366.6526
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық баспасөзінде көрініс тапқан ағартушылық идеялар мен қоғамдық үдерістер тарихи тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің негізгі деректік базасын «Қазақ», «Ақ жол» және «Дала уәлаяты» басылымдарында жарияланған оқу-ағарту, қоғамдық жаңғыру, ұлттық сана және Түркия тақырыбына қатысты материалдар құрайды. Зерттеу барысында тарихи-жүйелік, тарихи-салыстырмалы және мазмұндық талдау әдістері қолданылды. Ұлттық баспасөз материалдарын талдау оқу-ағарту мәселелерінің қазақ қоғамындағы әлеуметтік және мәдени өзгерістермен өзара байланыста көтерілгенін көрсетті. «Қазақ» және «Ақ жол» басылымдарындағы Түркия туралы жарияланымдарды талдау ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының Осман мемлекеті мен Түркиядағы саяси және қоғамдық өзгерістерге қызығушылық танытқаны анықталды. Қазақстан мен Түркияға қатысты баспасөз материалдарын салыстырмалы талдау қоғамдық жаңғыру, ағартушылық және ұлттық сана мәселелерінің әр қоғамның тарихи даму жағдайына сай өзіндік сипаттарын айқындады. Зерттеу нәтижесінде қазақ ұлттық баспасөзінің қоғамдық пікір мен ағартушылық идеялардың қалыптасуы мен таралуындағы тарихи орны сараланып, баспасөз материалдарын қазіргі білім беру үдерісінде тарихи дерек ретінде пайдаланудың маңызы негізделді. Мұндай деректермен жұмыс білім алушылардың тарихи мәтінді дәуірдің қоғамдық жағдайымен сабақтастыра қарастыруына, әртүрлі баспасөз материалдарын салыстыра талдауына және тарихи дерекпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.