ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕГІ ЕГІНШІЛІК ӨНІМДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНЫЛУЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51943/2788-9718_2026_29_3_1445-1458
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Кіріспе. Жетісуда өсірілген астық өнімдері, бау-бақша және техникалық дақылдары халықтың азық-түлік сұранысын тек қанағаттандырып қана қоймай, айырбас саудасында, тұрмыста және шаруашылықта да кеңінен пайдаланылды. Диқаншылық өнімдерін өсіру ерекшеліктері, тұрмыста қолданылуын тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеу арқылы қазақтардың шаруашылық мәдениетімен тереңірек танысамыз. Зерттеудің мақсаты – XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Жетісу өңіріндегі егіншілік өнімдерінің негізгі түрлері мен ерекшеліктерін, күнделікті өмірде қолданылуын және әлеуметтік-экономикалық маңызын тарихи-этнографиялық деректер негізінде кешенді зерттейміз. Міндеттері: Жетісу өңірінде өсірілген дәнді, көкөніс, бақша және техникалық дақылдардың негізгі түрлерін анықтаймыз; мезгілдік өсіп-жетілуі және күнделікті тұрмыста, тағам, мал азығын қамтамасыз етуін талдаймыз; тамақтану салтындағы дәстүрлі мәдениетке тигізген ықпалын айқындаймыз. Материалдар мен әдістер. Зерттеу тарихи-этнографиялық бағытта жүргізілді. Негізгі дереккөздер ретінде XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басында жарық көрген статистикалық жинақтар, басылымдар, саяхатшылар мен зерттеушілердің еңбектері, автордың өзі жинаған этнографиялық материалдары, мұрағаттық құжаттар пайдаланылды. Зерттеу барысында жүйелеу, талдау және синтездеу әдістері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері егіншілік өнімдерінің халық тұрмысындағы қызметі жан-жақты сипатталды. Дәнді дақылдардан ұн, талқан, жарма және түрлі тағамдар дайындалса, көкөніс пен бақша өнімдері күнделікті тағам құрамын толықтырды. Астықтың бір бөлігі келесі жылғы тұқым қорына қалдырылып, артығы айырбас саудасына шығарылды. Қорытынды. Зерттеу нәтижесінде Жетісу өңірін мекендеген қазақтар егіншілік тәжірибесін қалыптастырып, дәнді дақылдар, көкөніс, бақша және техникалық дақылдарды кеңінен өсірген. Егіншілік халықтың тұрмыс салтымен, тағам мәдениетімен, еңбек дәстүрімен тығыз байланыста дамыды.