ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТУРИСТІК МАРШРУТТЫ ЖОБАЛАУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t85.n3.66
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қарғалы ауданының табиғи-мәдени мұрасы негізінде балаларға арналған этнопедагогикалық туристік маршрутты жобалау мәселесі қарастырылды. Зерттеудің мақсаты – Қарғалы ауданының табиғи, тарихи-мәдени және этнографиялық әлеуетін балалар этнотуризмін дамытуда пайдалану мүмкіндіктерін анықтау және мектеп оқушыларына арналған этнопедагогикалық туристік маршрут әзірлеу. Зерттеу барысында Қарғалы ауданының туристік нысандарына сипаттамалық және салыстырмалы талдау жүргізіліп, олардың танымдық, тәрбиелік және этномәдени мүмкіндіктері сараланды. Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп, олардың ұлттық құндылықтарға, өлкетануға және туристік бағыттарға қызығушылығы анықталды. Зерттеу нәтижесінде мектеп оқушыларына арналған «Қарғалы мұрасы» атты авторлық этнопедагогикалық туристік маршрут әзірленді. Маршрут құрамына Ақтөбе қаласы – Нұрпеке хазірет – Қасқыр сарқырамасы – Қызылтам кесенесі – Қарғалы су қоймасы – «Рух» этноауылы бағытындағы нысандар енгізілді. Маршруттың құрылымы, мазмұны, уақыттық жоспары және картографиялық моделі ұсынылып, әрбір туристік нысанның балалардың тарихи танымын, ұлттық құндылықтарға қызығушылығын және экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы тәрбиелік маңызы айқындалды. Ұсынылған маршрутты мектептердің өлкетану жұмыстары, қосымша білім беру іс-шаралары және балалар туризмін ұйымдастыру барысында практикалық тұрғыда пайдалануға болады.Кілт сөздер: балалар туризмі, этнотуризм, этнопедагогика, туристік маршрут, табиғи-мәдени мұра, Қарғалы ауданы, ұлттық құндылықтар, өлкетану.