RAPID FORESIGHT FOR ALIGNING REGIONAL EDUCATION WITH LABOUR MARKET NEEDS: EVIDENCE FROM THE MANGYSTAU REGION

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t85.n3.18
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Маңғыстау облысы еңбек нарығының қажеттіліктері мен өңірлік білім беру жүйесінің мақсатты кәсіптік даярлықты қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің өзара сәйкестігі зерттеледі. Зерттеудің негізгі мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын ескере отырып, кадрларды даярлаудың сапасын, өзектілігін және практикалық бағыттылығын арттыру мақсатында Foresight әдіснамасын өңірлік білім беру стандарттарына енгізу. Зерттеу сандық және сапалық әдістерді үйлестіретін аралас зерттеу дизайны негізінде жүргізілді. Алдын ала кезеңде өңірге кешенді талдау жасалып, 700-ден астам респондент арасында сауалнама жүргізілді және мүдделі тараптардың өкілдерімен жартылай құрылымдалған сұхбаттар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, экономика мен білім берудің түрлі секторларынан 79 сарапшының қатысуымен Rapid Foresight семинары өткізілді. Зерттеу нәтижесінде сегіз білім беру бағдарламасына талдау жасалып, олар жаңғыртылды, өңірлік 46 негізгі тренд анықталды, құзыреттерді дамытудың перспективалық бағыттары белгіленді, сондай-ақ өңірлік экономиканың ерекшеліктеріне бейімделген жаңа және перспективалы кәсіптер Атласын әзірлеу бастамасы қолға алынды. Зерттеу нәтижелері адами капиталға қажеттілікті жүйелі түрде болжауды өңірлік білім беруді жоспарлау үдерісіне тиімді интеграциялауға болатынын көрсетті. Осыған байланысты Foresight әдістерін білім беру бенчмаркингіне енгізу білім беру бағдарламаларының икемділігін арттыруға және өңір экономикасының стратегиялық қажеттіліктеріне тікелей жауап беретін жоғары білікті кадрларды даярлауға ықпал етеді.