Кеңейтілген шынайылық технологияларын қолдана отырып студенттердің дене шынықтырумен айналысуға деген ынтасын арттыру әдістері

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3123.96
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада жоғары оқу орындарында дене тәрбиесін оқыту кезінде кеңейтілген шынайылық (AR) технологиясын пайдаланудың тиімділігі егжей-тегжейлі қаралады. Зерттеу студенттердің дене дайындығының көрсеткіштерін бағалауда, дене жаттығуларын орындау кезінде жіберілген қателіктерді дәл анықтауда және олардың қызығушылығын арттыруда AR-технологияның рөлін сипаттайды. Зерттеудің негізгі мақсаты – AR технологиясының көмегімен студенттердің дене тәрбиесіне қызығушылығына әсерін анықтау және дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда олардың дене дайындығындағы өзгерістерді талдау. Зерттеу міндеттерінің ішінде: дене тәрбиесі бойынша білім беру үдерісінде AR-технологияларды қолдануға бағытталған ғылыми әдебиеттерді талдау; дене тәрбиесі пәніне AR-технологияларды енгізу арқылы студенттердің қызығушылығын арттыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу жұмысы дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда AR технологиясын пайдалану арқылы алынған нәтижелерді талдауға негізделген. Мақалада студенттерді өз бетінше және бірлесіп оқыту түрлерінің арасындағы айырмашылықтар, олардың тұжырымдамалық ойлау дағдыларына, байланыстар мен өзара іс-қимыл орнатуға әсері анықталды. Зерттеу нәтижелері AR технологиясын пайдаланатын студенттердің дене дайындығы көрсеткіштерінің едәуір жоғарылағанын көрсетті, бұл технологияның білім беру тәжірибесін жетілдіру және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін ғылыми негіз бола алатынын көрсетеді. Бұдан басқа, мақалада AR технологиясын оқу үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдері, инновациялық әдістерді интеграциялау кезінде туындайтын кедергілер және үздік тәжірибелер талданады. Зерттеу Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында жүргізілді. Тәжірибелік тексеру мақсатында «А» (27 студент) және «Б» (23 студент) эксперименттік топтары (барлығы 50 студент), «В» бақылау тобы (69 студент) белгіленіп, алынған нәтижелерді оқу үдерісіне енгізу жолдары қарастырылады.