Қызылорда облысы топырақ жамылғысының тұздану көрсеткіштері

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/4wbxp968
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Топырақтың өнімділігін айқындайтын қасиеттерінің көпжылдық динамикасын зерттеу мәселесі – топырақтану ғылымындағы ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Бұл мәселе әсіресе аридті аймақтарда өте өткір сипатқа ие, өйткені мұнда суармалауға, жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне және ирригациялық-гидроморфты немесе жартылай гидроморфты топырақтардың қалыптасуына байланысты екінші реттік тұздану үдерістері кеңінен таралған. Қызылорда облысында суармалы егістік жерлердің басым бөлігі тұйық ойыстарда орналасқан, бұл қайта тұздану үшін қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар cyapy нормалары дұрыс сақталмаған жағдайда егістік алқаптардағы топырақ құнарлылығы өзгеріп, соның салдарынан құнарлы жерлердің аумағы азайып, топырақтың екінші реттік тұздануы жүреді. Егістік жерлердің мелиоративтік жағдайының нашарлауы қайта тұздануға және тұзды жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Кейбір жағдайларда қайталама тұздану күріш алқаптарынан келетін судың cyapy арналары арқылы егістік жерлерге түсуі нәтижесінде де байқалады. су және жер ресурстарын ұтымсыз пайдалану, аумақтардың құрғауы мен шөлденуі топырақ пен жер асты суларының тұздану үдерістерін күшейтеді. Рельефтің үстірт бөліктерінде, ойпаңдарда және теңіз жағалауында сұр-қоңыр топырақтар мен әртүрлі сортаңдар кең таралған. Арал теңізі деңгейінің үздіксіз төмендеуіне байланысты сортаң алқаптардың аумағы тұрақты түрде ұлғайып келеді. Айта кету керек, күріш егісі аудандарында тұзданған топырақтарды картографиялау жұмыстары бұрын жүргізілмеген. Осыдан қазіргі тұзданған жерлердің аудандарын және олардың таралу динамикасын жан-жақты түгендеу қажеттілігі туындайды. Мақалада Қызылорда облысындағы тұзданған топырақтарды бірқатар көрсеткіштер бойынша бағалау деректері берілген, соның ішінде тұздану типі мен тұздардың орналасу тереңдігі қарастырылған. Сондай-ақ сульфат-аниондардың, кальций катиондарының, магний иондарының мөлшеріне химиялық талдау жасалып, натрий мен калий иондарының пайыздық үлесі қарастырылған.