КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ МАГИЯЛЫҚ МОТИВТЕРДІҢ ТӘПСІРЛЕНУІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-156-3-216-226
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада оккультизм құбылысы мен көркем прозадағы магиялық мотивтердің берілу тәсілі қарастырылды. Жалпы оккультизм – тылсым күштер туралы теориялық білімін, ал магия – практикалық жағын қарастырады. Оккультизмді білмей магияны қарастыру мүмкін емес. Мақаланың негізгі мақсаты – оккультизм құбылысының зерттелуі, магияның көркем әдебиеттегі көрінісін, қызметін саралау. Зерттеуде қазақ әдебиетіндегі магиялық мотивтердің берілу тәсілі ұлттық таным, мифтік түсінік тұрғысынан пайымдалады. Магиялық дұғалар, құралдардың қыр-сыры шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасай отырып, талданды. Зерттеу жұмысында қазіргі прозалық туындылардағы көріпкелдік, бақсылық, елестермен тілдесу мүмкіндігіне ие кейіпкерлер әлемі мен автордың шығармашылық қиялы мәтіндік талдаулар арқылы қарастырылды. Магияның дінмен, ғылыммен байланысы айқындалды. Ғылым ақыл-ойды басшылыққа алады және бақылау арқылы түзетіледі, магия болса, екеуін де қабылдамай, мистицизм атмосферасында болады. Ғылым бәріне ортақ болса, магия тылсым күш арқылы немесе белгілі күш иесіне ғана даритын құбылыс екеніне зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар, магия теориясына қатысты ғылыми еңбектер және дін-магия-ғылым арақатынасын ашатын ғылыми-практикалық зерттеулер негізінде көркем әдебиеттегі магиялық күштің берілу тәсілі, құралдары, сиқырды жүзеге асыру үшін оқылатын дұғалар мен діни мәтіндердің түрлерін талдау жүргізілді.