СҮТКЕНТ ҚАЛАШЫҒЫН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРІ (2025 Ж. МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v27.i3.11
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала ортағасырлық араб және парсы жазба дереккөздерінде жиі аталатын, археологиялық тұрғыдан аз зерттелген Сүткент қаласында 2025 ж. жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне арналған. Зерттеудің мақсаты – Сырдарияның орта ағысының сол жағалауында орналасқан қаланың шахристанында қазба жұмыстарын жүргізіп, стратиграфиясы мен хронологиясын анықтау және ортағасырлық қала мәдениеті туралы жаңа деректер алу. Зерттеу барысында археологиялық қазба, стратиграфиялық және радиокөміртектік талдау, керамикалық материалдарды функционалдық жіктеу және типологиялық салыстыру әдістері қолданылды. Қазба барысында екі құрылыс горизонты анықталды. Жақсы сақталған төменгі горизонттан ені 4 м болатын көше мен оның екі жағындағы екі тұрғын үйдің қалдықтары аршылды. No1 құрылыстан түтіндігі бар Г-тәрізді суфа, ал үш бөлмелі No2 құрылыстан суфа мен ошақ қалдықтары тіркелді. Керамикалық кешендегі 851 керамика фрагменті функционалдық және типологиялық тұрғыдан жіктеліп, Отырар оазисі, Сырдарияның орта ағысы, Шу-Талас өңірі және Орта Азия ескерткіштерінің материалдарымен салыстырылды. Нәтижелер Сүткенттің аймақаралық мәдени байланыстарға қатысқанын және жергілікті қыш өндірісі дәстүрлерінің сабақтастығын көрсетті. Радиокөміртектік талдау бойынша шурфтың төменгі қабаты ІХ ғ. аяғы – Х ғ. аяғымен, ал тұрғын үй қалдықтары ХІ ғ. ортасы – ХІІ ғ. ортасымен мерзімделді. Зерттеу Сүткенттің сәулеті, тұрмысы мен хронологиясы туралы жаңа ғылыми деректер ұсынды.