ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ МҰРАСЫН САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ: ҚАЗІРГІ ҮРДІСТЕР МЕН БАСЫМДЫҚТАР

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.91.3.007
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстанда этномәдени мұраны қорғауға бағытталған институционалдық тетіктер айтарлықтай жаңартылғанымен, өңірлік деңгейде іске асыру тәжірибесінде айқын теңгерімсіздіктер сақталуда. Осыған орай, бұл мақала мемлекеттік мәдени саясаттың құқықтық емес, тікелей қолданбалы өлшемдеріне – инфрақұрылымдық теңсіздіктерді жоюға, цифрлық шешімдерді енгізуге және жергілікті қауымдастықтарды тартуға басымдық береді. Ав-торлар аталған салада мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалайтын жаңа индикаторлық матрица ұсына отырып, сала сарапшыларымен жүргізілген сұхбаттарға негізделген эмпирикалық деректерді талдайды. Нәтижесінде, қатаң орталықтандырылған басқарудан қоғамдық қатысуға көшу арқылы этномәдени мұраны сақтау жүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз ететін нақты механизм-дер негізделген. Сонымен қатар, зерттеу барысында аймақтық мәдени кластерлер құру және «Мәдени паспорт» жүйесін енгізу сияқты инновациялық шешімдер ұсынылды. Бұл шаралар тек тарихи жәдігерлерді сақтап қана қоймай, цифрлық мұраны креативті экономикада пайдалануға бағытталған. Ұсынылған нәтижеге бағдарланған модель Қазақстанның мәдени саясатын халықаралық стандарттарға жақындатып, басқаруды децентрализациялауға нақты негіз қалыптастырады.