АЛГОРИТМДІК ӘКІМШІЛІК ШЕШІМДЕРДІҢ УӘЖДІЛІГІ,ТҮСІНІКТІЛІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ СОТ ТӘРТІБІМЕН ДАУЛАУ МӘСЕЛЕЛЕР

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.63546/3005-2246.2026.15.3.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу жұмысы алгоритмдік әкімшілік шешімдердің әкімшілік-құқықтық мәселелеріне арналған. Онда жария әкімшілік актінің фактілік немесе бағалау негізі алгоритмдік жүйе арқылы қалыптастырылғанымен, оның адресатына тек түпкілікті нәтиже ғана ашылған жағдайда, мұндай актінің заңды, негізді және соттық бақылауға жататын акт ретінде танылу мүмкіндігі қарастырылады. Зерттеу материалдары ретінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ақпараттандыру және дербес деректер туралы заңнама, 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы, халықаралық құжаттар және SCHUFA, SyRI және State v. Loomis салыстырмалы сот кейстері пайдаланылды. Методология формалды-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік және доктриналық талдауды, сондай-ақ құқықтық модельдеуді қамтиды. Алгоритмнің техникалық түсіндірілетіндігімен әкімшілік актінің құқықтық уәжділігі бір ұғым емес екені негізделеді. Біріншісі модельдің жұмыс істеу логикасын сипаттаса, екіншісі тұлғаға жария биліктің жүзеге асырылу негіздерін түсінуге, оны тексеруге және оған дау айтуға мүмкіндік береді. Автор алгоритмдік әкімшілік шешімнің «ең төменгі сот файлы» моделін ұсынады; оған жүйені қолданудың құқықтық негізі, алгоритмнің рөлі, деректер, қорытынды критерийлері, лог жүргізу, адам бақылауы және жауапты лауазымды адам туралы мәліметтер кіреді. Алгоритм бейтарап техникалық құрал ретінде емес, әкімшілік рәсімнің элементі ретінде қарастырылуға тиіс деген қорытынды жасалады.