МАТЕМАТИКАЛЫҚ АППАРАТТЫ ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА STEM НЕГІЗІНДЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/pedagogical/2026/iss3pp50-62
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада математикалық аппаратты физика сабақтарында STEM тәсілі негізінде қолданудың теориялық және практикалық жолдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіру барысында математикалық модельдеу, есептеу, графикалық талдау және цифрлық құралдарды кіріктірудің тиімділігін анықтау. STEM негізіндегі оқыту физика, математика, инженерия және технология арасындағы пәнаралық байланысты күшейтіп, оқушылардың зерттеушілік, логикалық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мақалада физикалық есептерді шешуде теңдеулерді, функцияларды, графиктерді, векторларды және статистикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері сипатталады. Сонымен қатар, эксперименттік деректерді математикалық өңдеу, компьютерлік модельдеу, виртуалды зертханалар және жобалық тапсырмалар арқылы білім алушылардың практикалық құзыреттерін қалыптастыру жолдары талданады. Ұсынылған әдістемелік тәсілдер оқушылардың физикалық ұғымдарды терең меңгеруіне, теориялық білімді нақты өмірлік жағдайларда қолдануына және инженерлік ойлау қабілетін дамытуына ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері математикалық аппаратты STEM контексінде жүйелі қолдану физиканы оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен оқу мотивациясын күшейтетінін көрсетеді.