INFLUENCE OF VARIOUS STARTER CULTURES ON THE DYNAMICS OF FERMENTATION, MICROBIOLOGICAL ACTIVITY AND MOISTURE-HOLDING CAPACITY OF SEMI-SMOKED SAUSAGE PRODUCTS

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55956/xkzj7005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ет шикізатын ферментациялау және пісірілген-ысталған өнімдердің жоғары сапалық қасиеттерін қалыптастыру процестеріне әртүрлі коммерциялық стартер дақылдардың әсерін зерттеу мақсаты қойылған. Зерттеу нысаны ретінде жылқы еті мен сиыр еті қолданылды. Микробиологиялық құрамы бойынша өзара ерекшеленетін үш түрлі коммерциялық стартерлерді қолдану арқылы ферментация процесін оңтайландыру жүзеге асырылды. Негізгі шикізат болып табылатын сиыр және жылқы еттері стартер дақылдармен өңделгеннен кейін, коммерциялық культура құрамындағы микроорганизмдер, атап айтқанда сүт қышқылды бактериялар, ферментация қарқындылығына, рН деңгейіне және ет шикізатының микробиологиялық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Стартер дақылдары есебінен, құрамында сүт қышқылды бактериялары бар эксперименттік үлгілер бақылау үлгілерімен салыстырғанда рН-тың оптималды деңгейде төмендеуін және пайдалы микрофлораның өсуін қамтамасыз етті. Құрамында Lactobacillus sakei, Staphylococcus carnosusштаммдары бар «Bactoferm F-SC-111» стартерін пайдалана отырып, дайындалған эксперименттік үлгілерде рН-тың төмендеуі оптималды деңгейде, сүт қышқылды бактериялар саны басым және ылғал ұстау қабілеті жоғары болды. Зерттеу нәтижелері жартылай-ысталған ет өнімдері үшін ферментация процесін басқару және жылдамдату ушін, сондай-ақ ет өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін тұрақтандырып, құрылымын жақсарту мақсатында коммерциялық стартерлерді рецептураға қосудың орындылығын растайды.