Аннотация
Әр шикізаттың түріне, формасы мен өлшемдеріне байланысты өзіне тән физикалық және механикалық қасиеттері болады. Бұл қасиеттер дайын өнімнің сапасы мен мөлшеріне, технологиялық машиналардың жұмыс істеу тиімділігінежәне процестердің энергия шығынына әсер етеді. Әдетте жұмыс барысында машиналардың, механикалық күш пен басқа факторлардың (мысалы температура, ылғалдылық) әсерінен өңделетін шикізат уақытқа байланысты түрлі өзгеріске ұшырайды. Бұл жұмыста жарма өнімдерінөңдеуге әсерін тигізетін негізгі физикалық және механикалық қасиеттері көрсетілді. Сусымалы материалдарды престеудің көптеген теңдеулері, оның ішінде тұтастық жорамалы негізінде алынған Н.Ф.Кунин мен В.Д.Юрченконың кең қолдану тапқан теңдеуі, келтірілді.