Аннотация
Бұл жұмыста бахтахтарға арналған экструдталған және түйіршіктелген құрама жемдердің өндірістік жағдайда бірдей рецептура бойынша дайындалған үлгілеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты өндіріс технологиясының жемнің химиялық құрамына, аминқышқылдық профиліне, қауіпсіздігіне және қолданыстағы стандарттарға (ГОСТ) сәйкестігіне әсерін бағалау болды.Зерттеу нәтижелері экструдталған (ЭК-1) және түйіршіктелген (ГК-2) жемдердің жоғары ақуыз мөлшерімен сипатталатынын көрсетті, тиісінше 42,31%және 41,91%, ал май мөлшері 12,62%және 11,32%құрады. Аминқышқылдық құрамды талдау түйіршіктелген жемде жылуға сезімтал аминқышқылдардың –лизин, треонин және цистиннің –жақсы сақталатынын көрсетті, ал экструдталған жем жоғары температура мен қысым әсерінен крахмал мен майдың сіңімділігінің артуымен сипатталды.Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша екі жемде де пестицидтер анықталған жоқ, ал ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектерде болды, алайда мырыш мөлшерінің салыстырмалы түрде жоғары екені анықталды. Алынған нәтижелер өндіріс технологиясының жемнің қоректік құндылығына әсерін көрсетіп, бахтахтарға арналған құрама жем өндірісін оңтайландыру үшін қолданылуы мүмкін.