ДУХОВНО-ЦЕННОСТНЫЙ И ИДЕНТИФИКАЦИОННЫЙ ПОТЕНЦИАЛ НАСЛЕДИЯ Х.А. ЯСАВИ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСТАНЕ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/c2rmy354
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала қазіргі қазақстандық қоғамның рухани-құндылықтық және бірегейлік (идентификациялық) бағдарларын қалыптастырудағы Қ.А. Ясауи мұрасының рөлін зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі Ясауи мұрасын танымал ету бойынша мемлекеттік, ғылыми және мәдени-ағартушылық бастамалардың белсендірілуімен, сондай-ақ жаһандану, секуляризация және дәстүрлі әлеуметтену механизмдерінің трансформациялануы жағдайында оның тұлғасы мен ілімінің қоғамдық маңыздылығын қаншалықты сақтап отырғанын анықтау қажеттілігімен негізделеді. Зерттеудің методологиялық негізін ислам дәстүрі мен суфизмнің мәдени-тарихи дамуын деректанулық және дискурсивті талдау, Ясауи ілімі туралы білімдерді интерпретациялау, қазақстандық және түрік зерттеу ыңғайларын, сондай-ақ эмпирикалық деректерді салыстыру құрады. Негізгі эмпирикалық материал ретінде авторлар жүзеге асырып жатқан, Ясауи тұлғасы мен мұрасын қоғамдық қабылдауды анықтауға бағытталған ғылыми жоба аясындағы әлеуметтанулық зерттеу алынды. Нәтижелер көрсеткендей, мазмұндық білімнің тереңдігі салыстырмалы түрде төмен болғанымен, Ясауи мұрасы жоғары символдық әлеуетке ие. Ясауи негізінен рухани және мәдени символ, ұлттық бірегейлік, өнегелілік тәрбие, мәдени және туристік брендинг ресурсы ретінде қабылданады. Сонымен қатар, оның ілімінің тұлғалық-практикалық өлшемі бәсеңдеу көрінеді. Алынған нәтижелер Ясауи мұрасының қазіргі заманғы өзектілігі негізінен ұжымдық жад пен символдық сәйкестендіру деңгейінде жүзеге асады, ал оның жеке рухани-адамгершілік рефлексия көзі ретіндегі әлеуеті әлі де толық ашылмаған деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.