Орталық Азиядағы діни бірегейлік және оның аймақтық интеграция үдерісіндегі рөлі

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3007-8598.6510
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Орталық Азия елдеріндегі діни бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктері және оның қазіргі аймақтық интеграция үдерісіндегі рөлі жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы діни үдерістерді зерттеген шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектеріне талдау жасалады. Зерттеу барысында кеңестік кезеңде жүргізілген атеистік саясаттың қоғамдық сана мен діни өмірге ықпалы, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы діни жаңғыру үдерістері сараланады. Дәстүрлі исламның жергілікті мәдениетпен, тарихи тәжірибемен және ұлттық ерекшеліктермен өзара байланысы ашып көрсетіледі. Орталық Азия мемлекеттеріндегі муфтияттардың қызметі, олардың арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың қазіргі деңгейі, сондай-ақ институттық интеграцияға қатысты мәселелер қарастырылады. Зерттеудің негізгі әдісі ретінде аймақ елдерінде ғылыми зерттеу жүргізіп жүрген шетелдік және отандық ғалымдардан, сарапшылардан және муфтият қызметкерлерінен алынған сарапшылық сұхбаттар пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттер мен муфтияттар тарапынан жүзеге асырылып отырған діни саясаттың әркелкілігі айқындалды. Мұндай ерекшеліктердің діни институттар арасындағы ынтымақтастыққа кері ықпал етіп, аймақтық интеграция үдерістеріндегі діннің рөлін төмендетіп отырғаны анықталды. Сонымен бірге ортақ діни құндылықтар аймақ халықтарын рухани тұрғыдан жақындастыратын маңызды фактор болғанымен, оларды тиімді пайдалану үшін келісілген саясат пен тұрақты институционалдық диалог қажет екені тұжырымдалды.