Аннотация
Мақалада мырыштау процесінде қолданылатын ең тиімді электролиттер қарастырылып, мырыш негізіндегі гальваникалық қаптамалардың қасиеттеріне №1 және 2 электролиттер құрамының әсері және олардың қасиеттері анықталды. Электрохимиялық әдіспен гальваникалық қаптамаларды дайындауға арналған электролиттің қасиеттері анықталды. Гальваникалық қаптамаларды алуда электрохимиялық әдістің көмегімен электролиттер құрамының өзгерісінің әсері зерттелді. Тәжірибе кезінде 12Х18Н10Т маркалы болаттан жасалған таспалар қолданылды, ал жабуға дайындалған бөліктің беті МемСТ 15612-2013 сәйкес өңдеу тазалығына ие болды. Біріншіден механикалық дайындық кезінде беттік қабаттың кедір-бұдырлығы азайтылды, сондай-ақ кейбір кемшіліктері жойылды және беттік қабатқа металдық жылтырлық берілді. Гальваникалық қаптаманы алу үшін болат таспалардың беті химиялық майсыздандырылды. Тәжірибе барысында катодта жиналған металл массасы, бұйымның беттік ауданы, шөгілген металл көлемі, шөгілген металл қалыңдығы, электролиз уақыты, ток тығыздығы есептелді. Қышқылды мырыштау кезіндегі №1 және №2 электролит құрамы мен гидролиз режимі көрсетілді. №1 электролит құрамында БАЗ қатыспауының және температураның бірқалыпты болмауының әсерінен қаптаманың біркелкі болмауы және дендриттердің түзілуі байқалды. №2 электролит бойынша құрамындағы декстриннің жеткілікті мөлшері мен температураны көтеру кезінде пайда болған болат таспаның біртекті қаптама алынды. Коррозиядан қорғайтын, декоративті де мақсатта қолдануға тиімді мырыш негізіндегі гальваникалық қаптама алынды. Әдістемеге сәйкес, мырыштау процесі нәтижесінде №2 электролит бойынша 41 мкм таспа қалыңдығы алынды. Қаптаманың сапасы электролиттің құрамына, оның температурасына, ток тығыздығына және БАЗ (декстрин, желатин, ағаш желімі) болуына байланысты өзгеріске ұшырайтыны анықталды.