ИТАКОН ҚЫШЫЛЫ НЕГІЗІНДЕГІ СОПОЛИМЕРЛЕРДІҢ ФЛОКУЛЯЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.486
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Өзектілігі. Қазіргі таңда өнеркәсіптің қарқынды дамуы және соған байланысты қоршаған ортаға антропогендік әсердің күшеюіне байланысты өнеркәсіптік және табиғи ағын суларды дисперстік және коллоидтық ластағышық бөлшектерден тазартудың тиімді әдістерін әзірлеудің маңыздылығы артуда. Осыған байланысты флокулалардың түзілу үдерісін және тұнуын жеделдететін жоғары молекулалық флокулянттарды қолдану маңыздылығы арта түсуде. Сондықтан флокуляция өнеркәсіптік ағын суларды тазарту кезінде қолданылатын ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, құрамында бір мезгілде катиондық және аниондық функционалдық топтар болатын полиамфолиттер ерекше қызығушылық тудыруда, өйткені олар табиғаты әртүрлі ластағыш бөлшектертармен әрекеттесуді қамтамасыз ете алады. Мақсаты. Бұл жұмыстың мақсаты – [(3-метакрилоиламино)пропил] үшметиламмоний хлориді (ТМАПМАХ) мен итакон қышқылы (ИҚ) сополимерінің флокуляциялық қасиеттерін зерттеу. Нәтижелері мен қорытындылар. Жұмыстың әдістемесі флокулянт қатысында бентонит сазбалшығы суспензиясының оптикалық тығыздығының уақытқа байланысты өзгерісін өлшеу арқылы сополимердің флокуляциялық қасиеттерін анықтауға негізделген. Суспензияның оптикалық тығыздығы 546 нм толқын ұзындығында i3 UV-VIS (Қытай) спектрофотометрінің көмегімен өлшенді. Зерттеу нысаны ретінде Погодаев кен орнынан (Батыс Қазақстан) алынған бентонит сазбалшығының суспензиясы қарастырылды. Сонымен бірге, ТМАПМАХ–ИҚ сополимерінің мольдік құрамының оның флокуляциялық қасиетіне әсері зерттелді. Сополимердің мольдік құрамы 20:80, 50:50 және 80:20 аралығында өзгертілді. Зерттеу барысында бастапқы құрамы [ТМАПМАХ]:[ИҚ]=50:50 мол. % мономерлер қоспасынан синтезделген сополимер ең жоғары флокуляциялық қасиетке ие екендігі анықталды. Сондай-ақ ТМАПМАХ–ИҚ сополимерінің бентонит сазбалшығы негізіндегі бұрғылау ерітінділерінің тиксотропиялық қасиетіне әсері де зерттелді.