Аннотация
Аңдатпа. Мұнай-химия саласында HZSM, НУ - цеолитті нанокатализаторларды зерттеу өте маңызды. Нанокатализаторлар реакциялардың тиімділігін арттырып, крекинг, изомерлеу, ароматтандыру процестерінде мақсатты өнімдердің шығымын жақсартады. Цеолитті катализаторлар бұл процесте өздерінің жоғары селективтілігі мен катализдік белсенділігі арқасында сұранысқа ие. Қазіргі уақытта С₁₄–С₁₅ көмірсутектерді цеолитқұрамды наноразмерлі катализаторда крекингілеу үдерісі химия өнеркәсібінде маңызды зерттеу саласы болып табылады. Бұл катализаторлар микропорлы құрылымдарға ие, бұл олардың бетінің үлкендігін және реакцияларға қатысатын молекулалардың диффузиясын жақсартады және өндіріс тиімділігін жоғарылатады. Катализатор және крекинг үдерістерін зерттеу құнды өнімдердің шығымын арттыру, мұнай өңдеудің тиімділігін жақсартуға, өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Зерттелетін катализатордың белсенділігін, құрылымы мен қасиеттерін сипаттау үшін әртүрлі физика-химиялық әдістер қолданылды. Аммиактың температуралық бағдарламаланған десорбциясы БЭТ анализі, (NH3-TPD), сканерлеуші электронды микроскоп (SEM), хроматографиялық талдау, атомдық адсорбциялық спектроскопия (AAS), рентгендік дифракциялық талдау (XRD). HZSM, МСМ41-цеолитті нанокатализаторларды зерттеу олефиндер мен изо-алкандардың селективтілігін арттыра алады, дегидрленуге ықпал етеді, катализатордың қышқылдық қасиеттеріне әсер етеді және бірегей кеуек құрылымын қамтамасыз етеді.