Қылмыстық істер бойынша параллель қаржылық тергеу жүргізу: de lege lata және de lege ferenda

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026l3/157-166
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Авторлар зерттеуде Қазақстанның ұлттық заңнамасына 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық істерге қатысты параллель қаржылық тергеу институтын қолдану мәселелерін қарастырды. Зерттеу халықаралық стандарттар мен әлемдік құқық қолдану тәжірибесіне сүйену арқылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіндегі (бұдан әрі — ҚПК) параллель қаржылық тергеу жүргізу институтын одан әрі жетілдіруге арналған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты тиісті ұсыныстар беруді өз алдына мақсат етіп қойды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде параллель қаржылық тергеу институтының заңнамаға енгізілген құқық нормаларының құрылымындағы кемшіліктер анықталды. Бұл өз кезегінде параллель қаржылық тергеу жүргізуге қатысты құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолдану кезінде бір қатар қиындықтарға алып келеді. Зерттеу жұмысының қолданбалық құндылығы зерттеу нәтижелерінің қылмыстық жолмен алынған активтерді іздеу, тыйым салу, арест қою және елге қайтарумен кәсіби айналысатын мамандарға бағытталуында. Құрылымы тұрғысынан топтастырылмаған заңдағы параллель қаржылық тергеуге қатысты нормалар оны жүргізудің процессуалдық тәртібі мен бұлинституттың мәнін және оның қылмыстық сот өндірісіндегі мағынасы мен орнын толыққанды ашып көрсетпейді. Жүргізілген зерттеудің методикасын дедукция, индукция, анализ, синтез сияқты жалпы ғылыми әдістер айқындады, сонымен қоса құқықты ғылыми танудағы спецификалық әдістер ретінде құқық нормаларын салыстырмалы талдау, құқық аналогиясы, заң аналогиясы, құқықтық модельдеу әдіс-тәсілдері зерттеу аясында қолданылды. Пайдаланылған әдіс-тәсілдер өз кезегінде қылмыстық сот өндірісі шеңберінде параллель қаржылық тергеу жүргізудің эффективті құқықтық-процестік механизмін қалыптастырып ұсынуға септігін тигізді.