ЦИАНИДТІ ЕРІТІНДІЛЕРДЕН АЛТЫН МЕН ТЕМІР ИОНДАРЫН LEWATIT(H⁺)–AV-17-8(OH⁻) ЖӘНЕ LEWATIT(Na⁺)–AV-17-8(Cl⁻) ИНТЕРПОЛИМЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРІМЕН СЕЛЕКТИВТІ СОРБЦИЯЛАУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1491.379
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ғылыми мақалада цианид ерітінділерінен алтын мен темір иондарын бөліп алу мақсатында Lewatit(H⁺)–AV-17-8(OH⁻) және Lewatit(Na⁺)–AV-17-8(Cl⁻) интерполимерлік жүйелерінің сорбциялық және кинетикалық қасиеттерін зерттеу бойынша нәтижелер келтірілген. Зерттеу жұмсының өзектілігі құрамында темір кешендері бар цианидті ерітінділерден алтын иондарын селективті түрде бөліп алуға қабілетті тиімді сорбциялық жүйелерді әзірлеу болып табылады. Жүргізілген зерттеу жұмысында интерполимерлік жүйелер әртүрлі мольдік қатынастарда дайындалды және компоненттердің әртүрлі мольдік қатынастарындағы сорбция және десорбция процестері қарастырылды. Ерітінділердің иондық құрамы атомдық-эмиссиялық спектроскопия (ThermoScientific iCAP PRO XP) әдісімен, ал сорбент пен металлоцианид кешендері арасындағы өзара әрекеттесу механизмі ИҚ-Фурье спектроскопиясы (FTIR) арқылы зерттелді. Сорбция кинетикасы псевдо-екінші ретті модель негізінде талданды. Нәтижелер Lewatit(H⁺)–AV-17-8(OH⁻) жүйесі Lewatit(Na⁺)–AV-17-8(Cl⁻) жүйесімен салыстырғанда [Au(CN)₂]⁻ иондары бойынша жоғары таралу және селективтілік коэффициенттерін көрсететінін анықтады, әсіресе 4:2 және 1:5 мольдік қатынастарында айқын байқалды (β > 2,9). Сорбция кинетикасы псевдо-екінші ретті (ПЕР) модельмен сипатталды (R² = 0,9896–0,9999). Lewatit(H⁺)–AV-17-8(OH⁻) жүйесінде k₂ мәндері 0,016-дан 0,520 г·мг⁻¹·сағ⁻¹, ал Lewatit(Na⁺)–AV-17-8(Cl⁻) жүйесінде 0,055-тен 0,658 г·мг⁻¹·сағ⁻¹ аралығында болды. ИҚ-спектрлік талдау төрттік аммоний топтарының металлоцианид кешендерін байланыстыруға қатысатынын көрсетті. Десорбция тәжірибелері екі жүйенің де [Au(CN)₂]⁻ иондарын жоғары дәрежеде регенерациялай алатынын көрсетті (94,45 – 99,82%). Алынған нәтижелер Lewatit(H⁺)–AV-17-8(OH⁻) интерполимерлік жүйесінің темір кешендері бар цианидті ортада алтын иондарын селективті түрде сорбциялауға қабілетті екенін көрсетеді және аталған жүйені одан әрі зерттеудің ғылыми негізділігін растайды.