БАЙДАЛЫ КҮРІШІНЕН ЖӘНЕ ПАВЛОДОР ӨҢІРІНІҢ ГАЛА СОРТТЫ КАРТОБЫНАН КРАХМАЛ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ОНЫ БИОЫДЫРАЙТЫН МАТЕРИАЛДАР САЛАСЫНДА ҚОЛДАНУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1491.395
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Байдалы күрішінен және Павлодар өңірінде өсірілген Гала сортты картоптан крахмал алу технологиясы зерттеліп, алынған табиғи полисахаридтерді биоыдырайтын материалдар өндірісінде қолдану мүмкіндігі бағаланды. Зерттеудің мақсаты — отандық өсімдік шикізатынан жоғары сапалы крахмал алу технологиясын әзірлеу және оны биоыдырайтын материалдардың негізгі компоненттерінің бірі ретінде пайдалану әлеуетін анықтау. Зерттеу барысында крахмал күріш пен картоптан ылғалды экстракция әдісімен бөлініп алынды. Алынған үлгілердің құрылымы инфрақызыл спектроскопия әдісімен зерттеліп, крахмалға тән негізгі функционалдық топтар мен гликозидтік байланыстардың сақталғаны анықталды. Тәжірибе нәтижесінде 1 кг Гала сортты картоптан 170 г, ал 1 кг Байдалы күрішінен 770 г крахмал алынды. Бұл көрсеткіштер зерттелген жағдайларда күріштің крахмал алу үшін өнімділігі жоғары шикізат екенін көрсетті. Зертханалық жолмен алынған крахмалдардың ИҚ-спектрлерін коммерциялық крахмал үлгілерімен салыстыру олардың табиғи полисахаридтерге тән құрылымдық ерекшеліктерін сақтағанын көрсетті. Крахмалдың химиялық құрылымының сақталуы оны биоыдырайтын полимерлік материалдардың матрицалық компоненті ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Алынған крахмал үлгілерін биоыдырайтын үлдірлер өндіруде қолдану қарастырылды. Жаңартылатын табиғи шикізаттан алынуы, биоыдырағыштығы және қоршаған ортаға салыстырмалы түрде төмен әсері крахмал негізіндегі материалдарды мұнай негізіндегі дәстүрлі полимерлерге балама ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұндай материалдар бір реттік және тағамдық қаптама өндірісінде қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге дайын үлдірлердің механикалық, суға төзімділік, термиялық және биоыдырау қасиеттері келесі зерттеу кезеңінде бағалануы тиіс.