ПОЛИМЕР ҚАЛДЫҚТАРЫН ГИДРОЛИЗДІК ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ АЛУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1491.394
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада пластикалық қалдықтарды, атап айтқанда полиэтилентерефталатты (PET) гидролиздік әдіспен қайта өңдеу және алынған гидролиз өнімдері негізінде тыңайтқыш алу мүмкіндігі зерттелді. Жұмыстың өзектілігі пластикалық қалдықтардың қоршаған ортаға түсіретін жүктемесінің артуымен және оларды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қайта өңдеу технологияларын жетілдіру қажеттілігімен байланысты. Зерттеу барысында полимер материалдарының құрылымы, қасиеттері мен қолданылу салалары, пластикалық ластанудың экологиялық салдары және қалдықтарды химиялық қайта өңдеудің заманауи тәсілдері қарастырылды. PET гидролизінің теориялық негіздері сипатталып, оның полимер қалдықтарын қайта өңдеудегі маңызы талданды. Тәжірибелік бөлімде PET қалдықтары гидролизденіп, алынған өнімге натрий триполифосфаты (Na₅P₃O₁₀) қосу арқылы тыңайтқыш үлгісі дайындалды. Кейін алынған құрамның өсімдіктің өсуіне әсері бағаланды. Нәтижелер дайындалған тыңайтқыштың өсімдік дамуына оң әсер еткенін көрсетті және гидролиз өнімдерін тиісті құрамда ауыл шаруашылығында қолдану мүмкіндігін негіздейді. Ұсынылған тәсіл пластикалық қалдықтарды кәдеге жарату мен ауыл шаруашылығына пайдалы өнім алуды ұштастырады және ресурстарды тиімді пайдалану мен тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келеді. Болашақта гидролиз жағдайлары мен тыңайтқыш құрамын оңтайландырып, технологияны ауқымды деңгейде қолдану мүмкіндігін бағалау қажет.