Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуда графикалық органайзерлердің әсері

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026ped3/150-160
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Оқылым — академиялық табысқа жету үшін қажетті негізгі дағды, бірақ ол шетел тілін үйренуде қиын аспектілердің бірі. Оқылым оқушылардың академиялық сауаттылығы мен жалпы тілдік құзыреттілігін дамытуда маңызды рөл атқарады. Шетел тілін оқыту барысында мәтінді өңдеп, түсінуге көмектесетін тиімді әдістерді зерттеу өзекті. Бұл зерттеу Қазақстандағы мектеп оқушыларының оқылым дағдыларын жетілдіруде графикалық органайзерлердің тиімділігін зерттеуге бағытталған. Аталмыш мақала ментальды карталар, Венн диаграммалары, семантикалық карталар және тағы басқа визуалды құралдардың оқушылардың ақпаратты түсіну, талдау және есте сақтау қабілетін жетілдірудегі әсерін зерттейді. Зерттеуге Астана қаласындағы мектеп-лицейдің 71 оқушысы қатысты. Эксперименттік топта оқушылардың оқылым дағдыларын қалыптастастыруда графикалық органайзерлер, ал бақылау тобында дәстүрлі оқу әдістері қолданылды. Оқылым дағдыларының дамуындағы динамиканы өлшеу үшін статистикалық талдау, жұптық және тәуелсіз t-тест қолданылды. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топтағы оқушылардың оқылым дағдыларының айтарлықтай жоғары даму тенденциясын аңғартты. Мәселен негізгі идеялар мен қосымша детальдарды анықтау, қорытындылау және перифраз жасай алу, себеп-салдар байланысын анықтау сияқты дағдылар айтарлықтай жоғары деңгейде дамыды. Оқушылардың функционалды сауаттылық деңгейін арттыру үшін заманауи оқыту әдістерінің бірі — графикалық органайзерлерді пайдалану, оқу материалын құрылымдап, ақпаратты тиімді меңгеруге мүмкіндік береді және оқу үдерісінің тиімділігін арттырады. Аталмыш зерттеу графикалық органайзерлердің көмегімен оқушылардың оқылым дағдыларын жетілдірудегі тиімділігін зерттеу арқылы шетел тілін оқыту әдістемесіне үлес қоспақ.