Қазақ сөз синтезі жүйесінде орфоэпиялық норманың берілуі

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2026-3-212-235
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аталмыш мақалада қазақ тіліндегі сөз синтезі жүйесін орфоэпиялық норма негізінде модельдеу мәселелері қарастырылады. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде тіл білімінде мәтінді табиғи дыбыстауға бағытталған сөз синтезі жүйесінің маңызы артып отыр. Осыған байланысты мақалада қазақ тілінің фонетикалық, орфоэпиялық және просодикалық заңдылықтарды сөз синтезі жүйесінде қолданудың ғылыми негіздері талданады. Әсіресе жазба мәтінді ауызша сөзге айналдыру барысында орфоэпиялық норманың сақталуының маңызы айқындалады. Сөз синтезі жүйесінің сапасы мәтіннің грамматикалық тұрғыдан дұрыс өңделуімен ғана емес, оның табиғи әрі әдеби нормаға сай дыбысталуымен де анықталады. Сондықтан синтезделген сөзде дыбыстардың өзара ықпалы, интонациялық ерекшеліктің дұрыс берілуі маңызды. Орфоэпиялық нормаларды ескермеу сөйлеудің табиғилығын төмендетіп, тыңдаушының мәтінді қабылдауына кері әсер етуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын сөз синтезі жүйесіне енгізу өзекті ғылыми мәселелердің бірі болып табылады. Мақалада қазақ тіл біліміндегі орфоэпия мәселесінің зерттелу тарихы мен қазіргі ғылыми бағыттары сараланып, отандық және шетелдік зерттеулерге шолу жасалады. Жүргізілген зерттеулердің негізінде сөз синтезінің сапасын арттыруда мәтіннің фонетика-фонологиялық және просодикалық ерекшеліктерін жүйелі түрде модельдеу қажеттілігі тұжырымдалады. Зерттеу барысында қазақ орфоэпиясына қатысты І. Кеңесбаев, М. Балақаев, С. Мырзабеков, Р. Сыздық, Ә. Жүнісбек, З. Базарбаева сияқты ғалымдардың еңбектері негізге алынып, сөз синтезінің теориялық мәселелері шетелдік зерттеулермен сабақтастыра талданады. Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі сөз синтезі жүйелерінің (Kazakh TTS2, Kazakh ASR және басқа да жобалар) ерекшелігі қарастырылып, олардың орфоэпиялық норманы қолдану деңгейі сипатталады. Мақалада сөз синтезін жүзеге асыруда қолданылатын компилятивтік, параметрлік, форманттық және нейрондық желілерге негізделген әдістердің ерекшеліктері талданып, олардың тілдік материалды модельдеудегі қызметі көрсетіледі. Жүргізілген зерттеулердің негізінде қазақ тіліндегі сөз синтезі жүйесін жетілдіруде орфоэпиялық алгоритм мен просодикалық белгіленімдерді жүйелі түрде қолдану ұсынылады. Сондай-ақ кірме сөздердің орфоэпиялық тұрғыдан игерілу ерекшеліктері талданып, олардың дыбысталуының қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына бейімделу жолдары көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде орфоэпиялық норма мен просодикалық ерекшелікті жүйелі түрде модельдеу синтезделген сөздің табиғилығын арттырып, тыңдаушының мәтінді қабылдауын жеңілдететіні дәлелденеді. Зерттеу қорытындылары қазақ тілінің дыбыстық және просодикалық ерекшеліктерін цифрлық ортада дәл модельдеуге мүмкіндік береді және сөз синтезі технологияларын жетілдірудің теориялық әрі қолданбалы негіздерін толықтыра түседі. Алынған нәтижелер болашақ ғылыми зерттеулерде және практикалық әзірлемелерде пайдалануға бағытталған. Сондай-ақ ұсынылған тұжырымдар қазақ тілінің орфоэпиялық қорын цифрландыру және сөйлеу технологияларының сапасын арттыру міндеттерін шешуге ықпал етеді.