СЕМЕЙ ОКРУГІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ: ƏКІМШІЛІК ОЗБЫРЛЫҚ ЖƏНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ (1928-1930 жж.)

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2024-2(2)-6
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

1920–1930 жылдары Қазақстанда жүзеге асырылған саяси-экономикалық реформалар әлеуметтік және мәдени тұрғыда орны толмас өзгерістерге алып келді. Кеңес үкіметінің аграрлық саясаты, оның ішінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаралары қазақ халқының дәстүрлі өмір салты мен шаруашылық құрылымын түбегейлі өзгертіп, ауылдық аймақтардағы әлеуметтік тұрақсыздықты өршітті. Қазіргі таңда осы тақырып шеңберінде отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеулері көптеп жүргізілуде. Олардың еңбектерінде ұжымдастырудың себептері мен салдарын талдау, сондай-ақ осы реформалардың қазақ халқының тарихи және мәдени дамуындағы терең іздеріне қатысты жаңа көзқарастар мен тұжырымдар қалыптасып отыр. Дегенмен, өңірлік деңгейде, яғни Қазақстанның әрбір аймағындағы ұжымдастыру шараларының ерекшеліктері мен жергілікті халыққа тигізген әсеріне қатысты зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Өңірлік тұрғыдан жүргізілген зерттеулердің аздығы ұжымдастыруды іске асыру ауқымы мен оның жергілікті ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік бермей отыр. Осы бағыттағы зерттеулердің артуы, жергілікті жағдайлар мен халықтың қоғамдық-саяси жағдайын нақтырақ бағалауға ықпал етері сөзсіз. Мақалада 1928–1930 жылдары Кеңес Одағының ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың алғашқы кезеңі және оның Қазақстанның шығысында жүзеге асу ерекшеліктері архивтік деректер мен статистикалық материалдар негізінде талданып, ұжымдастыру саясатының аймақтық сипаттары мен салдары қарастырылады. Зерттеу барысында, ең алдымен, ұжымдастырудың себептеріне, соның ішінде мемлекетке астық өткізу жоспары аясында орын алған асыра сілтеулер, жергілікті органдардың заңсыз әрекеттері және БК(б)П ОК басшылығы тарапынан ауыл тұрғындарына бағытталған әділетсіз саясатына назар аударылған. Сонымен қатар, авторлар ұжымдастыру шараларының қазақ ауылдары мен орыс тілді тұрғындар шоғырланған аудандарға тигізген зардаптарын салыстырады.